СЫР САҚШЫЛАРЫ АҒАШ ОТЫРҒЫЗДЫ

Қазақстан полициясының 25 жылдығына орайластырып өткізілген бүгінгі сенбілік өзге сенбіліктерден ерекшеленіп отыр. Полиция қызметкерлері құрылымның құрылғанына ширек ғасыр толуына орай ағаш көшеттерін отырғызды.
Сонымен қатар, департамент ғимаратының аумағын тазалау, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары да жүргізілді. Бірлескен әрі жұдырықтай жұмылып ұйымдастырылған жұмыстың нәтижесінде ғимарат аумағы көркейіп, әсемдене түсті.
Айта кету керек, сенбілік жұмыстарынан қызылордалық тәртіп сақшылары шет қалған емес. Жұдырықтай жұмылған ұжым мүшелері ортақ іске үлкен үлес қосып келеді.
