КӨЛІК ОЙЫЛҒАН АСФАЛЬТҚА ТҮСІП КЕТТІ
Қостанайда асфальт опырылып, оған көлік түсіп кетті. Бұл туралы Аlau. Kz-ке сілтеме жасаған 365.info хабарлады.
Көлік рулінде отырған жүргізуші әйел тоқтағысы келгенін, артқа шегініп, сосын алға жүрген кезде алдыңғы дөңгелектері асфальтқа кіріп кеткенін айтты.
«Қостанай жүргізушілерін ескерткім келеді, жолда абай болыңыздар, көлік ай-күннің аманында асфальтқа кіріп кетті», — деді жазды ол.
Оның айтуынша, жердің астынан жылу келіп тұрған. Соған қарағанда жылу құбыры жарылды деп болжап отыр.
«Адамның түсіп кетуі әбден мүмкін. Шынымен қорқынышты болды. Машина жерге кіріп бара жатқанда, әрең шығып үлгердім», — дейді ол.