ҚАМШЫБЕК – КҮМІС ЖҮЛДЕГЕР

Чемпионат алдында ел құрамасының жаттықтырушылары біздің спортшылар кемі 3 алтын алады деп болжам жасаған. Финалға 4 боксшымыз шығып, олардың арасында тек былтыр өткен Рио олимпиадасының күміс жүлдегері Василий Левит (91 келіге дейін) қана Азия алтынына қол жеткізді. Ал 3 күміс жүлденің бірі финалдық жекпе-жегін бүгін өткізген аса ауыр салмақтағы боксшы, жерлесіміз Қамшыбек Қоңқабаевқа бұйырды.