ДИМАШТЫҢ КОНЦЕРТІНЕ БИЛЕТТІ ШЕТЕЛДІКТЕР КӨПТЕП АЛЫП ЖАТЫР
Димаш Құдайбергеннің дүниежүзілік турне аясындағы концерті 27 маусым күні «Астана Арена» стадионында өтеді.
Бұл туралы әншінің продюсері Алпамыс Шәрімов өзінің Instagramдағы жеке парақшасында хабарлады.
«Дүниежүзілік турне аясындағы концерт Қазақстан астанасында 27 маусым күні өтеді. Бұл 2017 жылы жоспарға сай өтейін деп отырған тұңғыш концерт. Сол себепті Димаштың коцертінің куәсі болу үшін #Bastau ЭКСПО аясында Астана келуге шақырамыз!
Осы уақытта дейін концертке билеттерді шетелдіктер көптеп сатып алды.
Олардың арасында Қытай, Ресей, Германия, Италия, Франция, Малайзия, Жапония, Оңтүстік Корея, Қырғызстан, Өзбекстан сияқты елдердегі Димаштың өнеріне тәнті азаматтар бар.
Қазір билеттің жартысына жуығы сатылып кетті. Сіздер де бізбен болуға асығыңыздар!»,-деп жазды әншінің продюсері.