Министр оқушыларды маусымның ортасына дейін оқытпақ
Қазақстандағы оқушылардың оқу жылы маусымның ортасында дейін ұзарады. Бұл туралы NUR.KZ порталы Today.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
"Біз бес күндік оқу аптасын енгізгендіктен, бұл қажетті қадам болмақ. Бала бес күндік оқу аптасының арқасында 36 күн демалады. Сол 36 күнді ол қалай толтырады? Бұл - 1-11 сыныптар арасында. Сол себепті, біз оқушылардың жазда оқу мерзімін ұзартамыз... Бүгінде бірінші сыныптағылар оқу жылын шамамен бірінші маусымда бітіреді деп жоспарлап отырмыз. Жыл сайын оқу күндері қосылып отырады. Жоғары сыныптағылар маусымның ортасына дейін оқуы мүмкін", - дейді Ерлан Сағадиев.
Білім және ғылым министрінің пікірінше бұл бастамалар білім саласын жаңа деңгейге көтереді.