ҚАРТ ЖАУЫНГЕРЛЕР ЕСТЕЛІГІ
«Нұр Отан» партиясының ізгі бастамасымен қолға алынған игілікті шараны Қызылорда «Магистральдық желі бөлімшесі» БПҰ төрағасының орынбасары Жандарбек Өтегенов, «Белгі беру және байланыс дистанциясының БПҰ төрағасы Әкімжан Қосанов, «Жол дистанциясы» БПҰ хатшысы Бауыржан Жұманов қолға алып, «Теміржол» партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Базара Танбаевамен бірге бүгінде санаулы қалған қарт майдангерлерінің үйлеріне барып, амандық-саулық сұрасып, Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтап, оларға кәсіподақтың демеушілігімен себет толы азық түлікпен қатар қаржылай 30000 теңгеден көмек берді.
Майдангер теміржолшылардың алғашқыларының қатарында Любовь Сергеевна Колесниктің үйіне табан тіреді. Биыл 92 жасқа аяқ басқалы тұрған Люба әже 18 жасында даңқты Жуков басқарған 1-ші Белоруссия майданына соғысқа кіріседі. Оқ пен оттың арасында талай жауынгерді алып шығып,госпитальға жеткізген, жаралы солдаттарды дертіне шипа болып Германияға дейін барып, Ұлы жеңісті қарсы алған. Бейбіт өмірге 1945 жылдың қыркүйек айында соғыс аяқталғаннан 4 айдан кейін келіп Қызылорда теміржол емханасында зейнет демалысына шыққанға дейін еңбек еткен. Ұлы Отан соғысының 1 дәрежелі орденімен және «ҰОС Германияны жеңгені үшін» Жеңістің 60 жылдығына Украина, Беларуссия Президентінің медальдарымен, «Маршал Жуковтың медалі», «ҰОС мерекелік медалдарімен наградталған.Қызылорда жол дистанциясында зейнеткер ретінде есепте тұр.
Одан кейін 1942 жылдың мамырында 19 жасында аттанған қарт жауынгер Төлеген Жүнісовтың үйінде болды. Соғысты Украина майданында бастаған Төлеген аға Украинаның Прискуров, Тернополь, Львов маңындағы ұрыстарға қатысып фашист танкісін граната лақтырып жарғаны үшін ең жоғары дәрежелі марапат «1 дәрежелі Отан соғысы» орденімен мараппатталған. Соғысты Берлинде аяқтап, жеңістен кейін елге қайтарылмай, қала маңында «патрульдік» қызмет атқарып, 1946 жылы ауылына келіп бейбіт өмірге араласқан. Белгі беру және байланыс дистанциясында зейнеткер ретінде есепте тұр.
Магистаральдық желі бөлімшесінде есепте тұрған Бұғыбай Нәрікбаев небәрі 18 жасында майданға аттанып, жеңістен кейін елге келіп машинист көмекшісі болып жұмыс істеген. Одан әрі жол дистанциясында тер төгіп, зейнетке шыққан. 2қыз 4ұл тәрбиелеп өсірген. Қазіргі күні ұлын ұяға,қызын қияға қондырып отырған ардақты қария.
Кеуделері орден-медальға толы кителін иығына ілген соғыстың отты жылдарында ерлік істермен, соғыстан кейінгі теміржол ардагерлері соғыс жылдарында көрген білген естеліктерін осылай әңгімеледі.
Мерекелік рәсім барысында майдангерлер сұрапыл соғыс жылдарын еске алып, қазіргі уақытта өздеріне көрсетіліп жатқан қамқорлықтарға ризашылығын білдіріп, алғыстарын жеткізіп ақ баталарын берді.