ҰРПАҚҚА МҰРА БОЛҒАН ҰЛЫ ЖЕҢІС
Бүгін А. Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне арналған салтанатты жиын өтті. Жиынға келгендер алдымен мәдениет үйі фойесіндегі көрмемен танысты.
Салтанатқа жиналған көпшілік елін, жерін қорғап, ұрыс даласында мәңгіге қалып қойған боздақтарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Осыдан кейін облыс әкімі, аймақтық қорғаныс кеңесінің төрағасы Қ. Көшербаев қос мерекеге байланысты лебізін жеткізді.
–Халқымыз «Ер – елінің қорғаны» дейді. Бәріміз үшін маңызы бөлек осы мерекелердің қатар келуі бір заңдылық сияқты. Әрине, кешегі ұрыс даласында қан төккен майдангерлеріміз бен бүгінгі тәуелсіз ел тыныштығын қорғаған сардарларымыз бен сарбаздарымызға қандай құрмет көрсетсек те жарасады.
Ұлы Отан соғысында қаншама қазақстандық опат болды, қаншасының тәні мен
жаны жараланды. Сондықтан да бұл жеңіс біз үшін өте қымбат. Туған жерін қасық қаны қалғанша қорғаған сол аталар ерлігі бүгінгі сарбаздар үшін ерен ерліктің үлгісіне айналды,– деді облыс басшысы.
Мерекелік жергілікті өнерпаздар сахнаға шықты. Бишілер орындаған хореографиялық композицияда үлкен экраннан Сыр бойынан шыққан Кеңес Одағының батырларының бейнесі көрінді. Соғыс жылдарындағы әндерден попурри шырқалып, «Сыр сұлуы» халық би ансамблі «Солдат биін» орындады.