ЕРТЕ ҚАРТАЙҒАН НҰРЖАН ӨРКЕШБАЕВ КЕЛІНШЕГІМЕН АЖЫРАСЫП КЕТКЕНІН АЙТТЫ

Бұл туралы ол өзінің Instagram желісіндегі парақшасында айтқан.
"Сәлем достар! Баршаңызға мол бақыт тілеймін. Бүгін жиырма алтыға толып жатырмын. Елдер отбасылық жағдайымды сұрап, алаңдап жатыр. Қазіргі таңда белгілі бір келеңсіздіктерге байланысты әйеліммен ажырасып кеткенмін. Көңілімізді түсірмейік. Ел аман, жұртымыз тыныш болсын", - деп аяқтады сөзін ол.
Естеріңізге салсақ, Атырау облысының тұрғыны Нұржан Өркешбаев сирек кездесетін сырқатқа шалдығып, бүкіл елге танымал болған еді. Қазіргі кезде ол Қазақстандағы «прогерия» (ағзаның мерзімінен тыс қартаюы) дертіне шалдыққан жалғыз адам болып отыр.