ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАР!
7 мамыр – Отан қорғаушылар күні
мерекесімен құттықтауы
Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына 25 жыл мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!
Отандастарымыз үшін бұл мереке - батырлық пен табандылық, отансүйгіштік пен Отанға шексіз қызмет етудің нышаны.
Бұл күні ширек ғасыр бұрын Елбасы Жарлығымен тәуелсіз ел тарихында, еліміздің Қарулы күштері құрылды.
Сондықтан, бұл - біздің еліміздің елдігінің, Тәуелсіздігіміз бен теңдігіміздің бекіген күні деп саналады.
Бүгінде қуаты артып, абыройы әлемді мойындатқан Қазақстанның қарулы күштері заманның кез келген қауіп-қатеріне жауап беретін жинақы да ұтқыр армияға және татулықты ту еткен халқымыздың берік қорғаны, тәуелсіздігіміз бен тұтастығымыздың сенімді тірегіне айналды.
Бұл күн тарихынан ерлігі дастан еліміздің рухтылығын, күшінің қуатын дәлелдейтін және батыр бабаларымыздың аманатын арқалаған қайсар ұландардың мерекесі.
Осынау мәртебесі биік мереке күні Қазақстан әскерлері қатарында қызмет атқарып жүрген азаматтарымызды, елінің ертеңі үшін аянбай кез келген уақытта Отан қорғауға даяр елінің елжанды ұландарын айтулы мерекемен құтықтай отырып, баршаңызға дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға құт-береке, еңбектеріңізге табыс, елімізге бейбітшілік пен баянды болашақ тілеймін!
Айбынды еліміздің абыройы асқақтай берсін!
Мерекелеріңіз құтты болсын!
Құрметпен,
Қызылорда қаласының әкімі Н. Нәлібаев