ЕЛБАСЫНЫҢ ҰСТАЗЫ ЖҮЗГЕ ТОЛДЫ
Informburo.kz хабарлағандай ғасырлық тойы қарсаңында Сейітхан Исаевты Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті қоры арнайы шақырып, құрмет көрсетті.
Сейітхан Исаев Ұлы отан соғысындағы Батыс майданның жауынгері. Днепрді жүзіп өткен майдангер. У-2 ұшағының штурманы, болашақ жары Нұрғайынды осы майдан даласында кездестірді. Соғыстан кейін екеуі Қаскелеңге оралып, отау құрды. Сейітхан ақсақал 60 жыл бойы жергілікті мектепте сабақ берген. Оның оқушылары арасында Нұрсұлтан Назарбаев та болып еді.
Қос майданның қаһарманы мұндай кездесулер өзіне өзгеше әсер беретінін айтып отыр.
«Армансыз адам қанатсыз құспен тең» демейтін бе еді... Жүзге келген менің де арманым бар. Тілегім – еліміздің бұдан әрі де көркейе бергені,– дейді ақсақал.