ИЛЬИН: КЕЛЕСІ КЕЗЕКТЕ – МЕН
Илья Ильин қазақстандық ауыратлеттер Светлана Подобедова, Майя Манеза және Зүлфия Чиншанлоның допинг-дауынан кейін спорттан шеттетілуіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Армысыздар! Көңіл-күй жақсы, қыздарға обал болды! Келесі кезекте "мен", - деп пікір білдірді қазақстандық ауыратлет.
Еске салайық, бүгін Халықаралық ауыр атлетика федерациясының Светлана Подобедованы 8 жылға, ал Майя Манеза мен Зүлфия Чиншанлоны 2 жыл жарыстарға қатысудан шеттеткені туралы ресми шешім шығарғаны хабарланған болатын.