ЕКІ ҮМІТКЕР ТІРКЕЛДІ
Бүгін облыстық сайлау комиссиясының отырысы өтіп, онда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат Ғ.Жарқынбаевты қолдаған таңдаушылар қойған қолдарды тексеру нәтижелері қаралды. Сонымен қатар, Сенат депутаттығына екі кандидатты тіркеу туралы шешім қабылданды.
Қол қою парақтарын тексеру нәтижесінде кандидат Ғ.Жарқынбаевты қолдап облыс бойынша барлық деңгейдегі 9 мәслихаттың 19 депутаты қол қойғандығы белгілі болды, жарамсыз деп танылған қолдар анықталмады. Кандидат декларацияларды тапсырып, сайлау жарнасын енгізген жағдайда осы қолдау оның тіркелуі үшін жеткілікті болып табылады.
Ал қажетті құжаттарды облыстық сайлау комиссиясына тапсырған А.Әлназарова мен Е.Әжікенов Сенат депутаттығына кандидат ретінде тіркеліп, оларға тиісті куәлік тапсырылды.
Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы