ЕШКІМ ДЕ, ЕШТЕҢЕ ДЕ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ
Адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыстың болып өткеніне биыл 72 жыл толып отыр. Жеңіс күні – бұл абыройымыз бен даңқымыздың мерекесі. Жеңісті жақындатқан соғыс және тыл ардагерлерінің ерен еңбектері ешқашан да ұмытылмақ емес. Бүгінгі ұрпақтың парызы – бұл күнді есте сақтау.
Қан майданнан аман-есен оралған ардагерлер саны да жылдан-жылға азайып бара жатыр. Сондықтан да ардагерлерге құрмет көрсету – бүгінгі жас ұрпақтың парызы.
№10 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернаттың «Жас ұлан» ұйымының мүшелері жыл сайын ардагерлер үйіне барып, қарттарға концерттік бағдарламалар ұйымдастырып, құрмет көрсетуді үрдіске айналдырған. Биылғы жылы да сол үрдіс жалғасын тапты. «Жас ұлан» ұйымының белсенді мүшелері соғыс ардагері Жұмабек Рысбаев атаның үйіне барып, мерекемен құттықтап қайтты.
Ж.Рысбаев – 1922 жылы дүниеге келген. Қазір қаладағы «Ұлы Көктөбе» көшесінде №28 үйде ұлы және келінімен бірге тұрады. «Жасұландықтар» ардагерді құттықтап, ән салып, мәнерлеп өлең оқып берді. Сондай-ақ ардагерге лицей атынан шағын сый-сияпат тапсырды.