ШЕКЕРАШЫЛАРҒА ЖАҢА АВТОКӨЛІКТЕР БЕРІЛДІ
Кеше ҚР ҰҚК Шекара қызметінің 25 жылдығы мерекесі аясында 2019 әскери бөлімінің шекара бөлімшелеріне жаңа автокөліктер берілді.
Көлік кілтін табыстау рәсіміне 2019 әскери бөлімінің командирі, полковник А. Қаженов пен бөлім командирінің бірінші орынбасары-штаб бастығы подполковник А. Қалиасқаров пен гарнизон жеке құрамы қатысты.
- Бес қаруын асынып, еліміздің амандығын, жеріміздің тұтастығын қорғаған шекарашыларға салтанатты түрде автокөлік тапсыру бүгінде дәстүрге айналып келеді.. Отанымыздың әрбір шаршы метрін көзіміздің қарашығындай сақтау бүгінгі ұрпақ, яғни біздер мен сіздердің міндетіміз, - деді шарада бөлім командирі, полковник А.Қаженов
Сонымен қатар шарада «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі «Жастар және жастар ұйымдарымен жұмыс жасау бөлімінің» басшысы Ж.Тасабаев шекара шебін қорғаған сарбаздар қызметіне жетістік тіледі.
Рәсімде басқарма офицерлері және гарнизон жеке құрамы салтанатты шерумен өтті.