«АТАМЕКЕН» ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫНЫҢ САРАПТАМАСЫ ЖАЙЛЫ МӘСЕЛЕ КӨТЕРДІ
Кәсіби қоғамдастық, яғни аккредиттеуден өткен сараптама ұйымдарының құрамындағы аккредиттелген сарапшылар «Атамекен» алаңында бас қосып, құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу бойынша өзін-өзі реттеу институтын енгізу мәселесін кеңінен талқылады.
Жиынды ашқан «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Елдос Рамазанов құрылыс саласындағы өзін-өзі реттеу Қазақстан Республикасының «Өзін-өзі реттеу туралы» Заңының талабы екенін атап өтті.
–«Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заң талабын жүзеге асыруда Реттеуші әсерді талдау бойынша жұмыс тобын құрып, 2 жиын өткізді. Отырыс барысында бизнес-қоғамдастықта біршама сауалдар туындады. Бүгінде Ұлттық палата қатысушы ретінде осы мәселені бизнес-қоғамдастықтың қатысуымен талқылауға өз алаңын ұсынып отыр. Жұмыс тобының қорытындысы шешім шығаруы үшін Ұлттық экономика министрлігіне жолданады», – деді Елдос Рамазанов.
Талқылау қорытындысы ҚР Премьер-министрінің Бірінші орынбасары Асқар Маминнің төрағалығымен өтетін Кәсіпкерлік бойынша ведомствоаралық комиссияда шығарылады, онда Ұлттық палата шоғырландырылған позициясын ұсыну керек.
Кеңейтілген талқылауда Заңнама және өзін-өзі ретеуді дамыту департаментінің өкілі Айдын Төрежанов өзін-өзі реттеу мәселесіне қатысты баяндама жасады. Ал ҚР Ұлттық экономика министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту департаменті директорының орынбасары Асланбек Жақыпов реттеуші әрекетке талдау жүргізу тәртібі жөнінде баяндады.
Асланбек Жақыпов өзін-өзі реттеу ұйымдарын құру туралы шешімді сараптамалық ұйымдар ғана қабылдайды деп түсіндірді. ҚР Ұлттық экономика министрлігі әрбір өкілмен сөйлесіп, бірыңғай Өзін-өзі реттеу ұйымын құрудан және оның көптігінен туындайтын тәуекелдер мен шығындарды бірлесіп анықтауға дайын.
–ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті ұсынған құрылыс сараптамасындағы өзін-өзі реттеу ұйымы қызметінің нұсқалары түбегейлі емес, сондықтан баламалы ұсыныстарды Ұлттық палата да, ұйымдардың өздері де бере алады», – деді Асланбек Жакупов.
«ҚР Жобалаушылардың ұлттық қауымдастығы» ЗТБ вице-президенті Серік Рүстембеков сөз сөйлеп, бірыңғай өзін-өзі реттеу ұйымын құрғанда бәсекелік қағидалары бұзылмайтындығын атады.
Сараптамалық ұйымдар күн тәртібіндегі мәселелерді қызу талқылады. Пікір білдіремін деген қатысушылар орын алған мәселелерге қатысты ұсыныстарын ортаға салды. Осылайша, Ұлттық палата еркін пікір алмасу алаңын ұсынды. Жекелеген мәселелер Сараптамалық ұйымдар палатасының қызметіне қатысты болды. Бұл коммерциялық емес ұйымның Төралқа төрағасы Михаил Косачев пен Басқарма Төрағасы Бірлік Ережепов барлық сауалдарға жауап берді.
«Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Елдос Рамазанов жиынды қорытындылай келе, өкілетті органдар өз жұмысында бүгінгі талқылау барысында айтылған ой-пікірлерді назарға алуларын ұсынды, сондай-ақ «Атамекен» палатасы ҚР Үкіметіне бизнестің шоғырландырылған ұстанымымен шығу керектігін айтты.