ҚОҢҚАБАЕВ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛЫНА ШЫҚТЫ

Осыдан екі күн бұрын ол ширек финалдық бәсекеде моңғолиялық Ерболат Турлыбекпен кездескен еді. Екінші раундта қарсыласын нокдаунға түсірген Қамшыбек, кездесу соңына жетпей жекпе-жекті таза жеңіспен аяқтады.
Ал ширек финалда біздің жерлесіміздің қарсыласы индиялық Сатиш Кумар болды. Оны 5:0 есебімен таза ұтқан Қамшыбек енді жартылай финал кездесуіне әзірленуде.