ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІ МЕН ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жастардың бүгіні мен болашағына қамқорлық жасауды өз саясатының негізгі мәні деп санайды. Президент: «Кез келген ел өз келешегін болашақ ұрпағымен байланыстырады», - деген болатын. Сондай-ақ, Елбасы Жыл сайынғы жолдауларында да жастар саясатын жетілдіру бойынша бірнеше іргелі тапсырмалар беріп жүргені белгілі. Жастар саясатын жүзеге асыру елді жаңашылдыққа, интеллектуалды бәсекелестікке жетелейді. Сондықтан жастар қоғамның бір бөлігі ретінде мемлекетте маңызды рөл атқарады.
Бүгін Қызылорда облысының Әділет департаменті «Жастар ресурстық орталығы» мекемесімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Іс-шараның басты мақсаты: жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңгер мамандар арқылы жастарға кеңестер беру болып табылады.
Іс-шара барысында меморандумға қатысушы жастарға нотариустар, сот орындаушылар, адвокаттар, бағалаушылар, Әділет департаментінің қызметкерлері тарапынан заңгерлік кеңестер көрсетіліп, жастар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.