ИНДОР ХОККЕЙДЕН СЫР ЕЛІНІҢ ҚЫЗДАРЫ АЗИЯ КУБОГЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ
Катарда индор хоккейден өткен Азия кубогында жерлестеріміз алтын жүлдені иеленіп, келесі жылы Германияда болатын Әлем чемпионатына жолдаманы жеңіп алды. Қазақстан құрама команда сапында облысымыздан Әйгерім Маханова, Алиса Чепкасова, Қарлығаш Болғанбаева және Гузал Бахабаддиндер өнер көрсетті.
Былтырғы жылы жерлестеріміз Алматы облысында Азия кубогында 2-орын иеленген болатын. Сондай-ақ, әйелдер мен ерлер командасы 2016 жылғы Қазақстан Республикасы чемпионатының күміс жүлдегері.
Сырдария ауданы «Қайсар» ойын түрлері спорт клубында тәлім алатын спортшыларды жарысқа облыстың аға жаттықтырушысы Сұлтанбек Қобландин дайындады.
Ендігі мақсат – биылғы жылдың маусым айында Тараз қаласында өтетін көгалдағы хоккейден ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасының кубогына қатысу.