FACEBOOK АУДИТОРИЯСЫ 1,94 МИЛЛИАРД АДАМҒА ЖЕТТІ
Әлемде Facebook әлеуметтік желісін қолданушылар саны 1,94 млрд. адамға жетті. Бұл туралы сәрсенбі күні жарияланған аталмыш компанияның осы жылдың бірінші тоқсанындағы корпоративтік есебінде айтылды, деп хабарлайды ТАСС.
Есепте әлеуметтік желіге айына бір рет кіретін қолданушылар саны осы жылдың 31 наурызындағы көрсеткіш бойынша 1,94 млрд. адамды құрағаны айтылады.
2016 жылдың бірінші тоқсанында бұл көрсеткіш 1,65 млрд адам болыпты. Сондай-ақ, қазіргі бүгінде шамамен 1,28 млрд адам Facebook-ке күн сайын кіреді. Бұлардың қатары өткен жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда, 18%-ға өскен. Ол кезде қолданушылар саны 1,09 млрд болған екен.
Facebook-тің ақшалай түсімі есептік кезеңде $8,03 млрд, ал таза пайда - 3,06 млрд долларға жетіп тұр. 2016 жылы аталмыш әлеуметтік желінің ақшалай түсімі $5,38 млрд, ал таза кірісі - 1,73 млрд. долларды құраған.