ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІ ҚҰРЫЛУЫНЫҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ «ЕЛ ҚОРҒАНЫ» МЕДАЛІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Аталған медалімен әскерлерге басшылық жасауда және қойылған міндеттерді орындауда, оқу-жаттығуларда, жауынгерлік кезекшілікті атқару кезінде, жаңа жауынгерлік және арнайы техниканы меңгеруде, қару-жарақпен әскери техниканы ұдайы жауынгерлік әзірлікті қамтамасыз ету жай-күйінде ұстауда, қолбасшылықтың арнайы (жедел) тапсырмаларын орындау кезінде, жұмылдыру даярлығында, әскери-патриоттық, педагогикалық, ғылыми-зерттеу, емдеу және өзге де әскери (әскери-қолданбалы) қызметте, мерзімді әскери қызмет өткеру кезеңінде әскери мамандықты меңгеруде қол жеткізген табыстары мен жетістіктері үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне , сондай-ақ Қазақстан Республикасының қорғаныс қабілетін, әскери қауіпсіздігін нығайтуға елеулі үлес қосқан азаматтармар апатталады.
«Ел қорғаны» медалі екі дәрежеден тұрады: 1) Қазақстан Республикасының қорғаныс қабілетін, әскери қауіпсіздігін нығайтуға елеулі үлес қосқан Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің офицерлер құрамы мен Қазақстан Республикасының азаматтарын марапаттауға – І дәрежелі «Ел қорғаны» медалі; 2) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің сержанттар және сарбаздар құрамдарының әскери қызметшілерін марапаттауға – ІІ дәрежелі «Ел қорғаны» медалі тағайындалды.

