САУД АРАБИЯСЫ ЭКСПО-2017 КӨРМЕСІНЕ ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ҰСЫНАДЫ
Көрме ұйымдастырушысының кеңсесінде "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов пен Сауд Арабиясы Корольдігінің энергетика, өнеркәсіп және минералды ресурстар министрі Халид әл Фалихпен кездесуі өтті.
Кездесу барысында Ұлттық компания басшысы министрді ЭКСПО-2017 көрмесінің дайындығы барысымен таныстырып өтті.
–Барлық жұмыстар аяқталып қалды. Қазіргі кезде қатысушы мемлекеттер павильондарын толтырумен қарқынды айналысуда. Сіздің елдің павильоны келушілер саны және контенттік мазмұны жағынан тартымды болатынына сенімдімін, - деді А. Есімов.
Халид әл Фалихтің айтуынша, Сауд Арабиясының ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуы екі елдің экономикалық қарым-қатынасының күшейюіне септігін тигізбек.
–Біздің ел карбоннан жоғары технологиялық өнімдер шығарады. Көрмеге осы сала бойынша жаңа жобалар алып келеміз, - деді министр.