ҚАСИЕТТІ ҚҰРАНДЫ ҚОРЛАҒАН КІМ?!
Бақшасарай мешітінде белгісіз біреулер бірнеше Құран кітабын жыртып тастаған. Вандалдық әрекет саналатын бұл оқиға жайлы Қырым мұсылмандары діни басқармасы хабарлап отыр.
Қасиетті Құранды қорлағандардың мешітке түн жамылып кіргені белгілі болып отыр, деп хабарлайды ТАСС. Олар сөреден алынған бірнеше Құран кітабын жыртып қана қоймай, өртемекке де әрекет жасаған. Бірақ бұл ойларын іске асыруға осы сәтте намаз оқу үшін мешітке келгендер кедергі келтірсе керек. Қылмыскерлер өздері жыртып алған Құран парақтарын шашып, оқиға орнынан кетіп қалған.
Бұл оқиғаның вандалдық әрекет екендігін растаған полиция қазір қылмыстық іс қозғады. Жергілікті діни ұйымдарға ғимараттар күзетін күшейту туралы ұсыныстар берілді. Мешітте мұндай жағдай жиі қайталанатындықтан бейнекамера орналастыру қажеттігі ескертілді.