САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Бүгін Қызылорда облыстық сайлау комиссиясының отырысында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттар А.Әлназарова, Е.Әжікенов, М.Бақтиярұлы, Т.Кенжебаевты қолдап таңдаушылардың қолдарын жинауға арналған қол қою парақтарындағы қолдардың тексеру нәтижелері қаралып, Сенат депутаттығына кандидат М.Бақтиярұлын тіркеу туралы шешім қабылданды.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша шығып сөйлеген облсайлауком төрағасы А.Жүнісов ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттар А.Әлназарованы (2 мамырда), Е.Әжікеновті (3 мамырда), М.Бақтиярұлын (2 мамырда) және Т.Кенжебаевты (3 мамырда) таңдаушылардың қол қою парақтары облыстық сайлау комиссиясына өткізілгендігін атап өтті.
Қойылған қолдардың растығы облыстық ішкі істер департаментінің көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп тексерілді, ол туралы өзара акт жасалды және тексеру нәтижесінде жарамсыз деп танылған қолдар анықталмады. Осылайша, А.Әлназарованы қолдап облыс бойынша барлық деңгейдегі 9 мәслихаттың 32 депутаты, Е.Әжікеновті – 32 депутат, М.Бақтиярұлын – 32 депутат, Т.Кенжебаевты – 31 депутат қолдап қол қойған.
Жоғарыдағылардың негізінде аталған кандидаттар тіркелу үшін мемлекеттік кіріс органдарына өзіне және жұбайына (зайыбына) табысы мен мүлкі туралы декларацияларды тапсырып, ол туралы анықтаманы, сонымен қатар 366 885 теңге сайлау жарнасын ҚР Орталық сайлау комиссиясының шотына аударғандығын растайтын құжатты облыстық сайлау комиссиясына тапсырады..
Бүгін барлық қажетті құжаттарды түгел облыстық сайлау комиссиясына тапсырған ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат Мұрат Бақтиярұлын тіркеу туралы шешімді қолдап облсайлауком мүшелері бірауыздан дауыс берді.
Кандидатқа тиісті куәлік табысталды.
Үгіт науқаны 2017 жылғы 8 маусымнан басталады. Осы уақытқа дейін кандидаттың қандай да бір үгіт жүргізуіне заңмен тыйым салынған.

Облсайлауком