БАТЫРХАН ШӨКЕНОВТІ ЕСКЕ ТҮСІРУГЕ АРНАЛАДЫ
18-ші мамыр күні сағат 20-00-де Достық үйінің алдында талантты әнші Батырхан Шөкеновті еске алуға арналған «Нас исцеляет любовь» атты концерт ұйымдастырылады. Тірі болғанда дәл осы күні 55 жасқа толатын әнші рухына арналған бұл шара халықтық концерт деген атауға ие болып отыр.
Ол ең алғаш сахнаға «Арай» тобының құрамында шықты. Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясының студентінің үлкен сахнаға алғаш қадам басуы еді бұл. Осы топта Батырхан өзі айтқан «Ақкөгершін» әніндегі қалықтаған құстай өнер көгіне еркін көтеріліп еді.
Осыдан кейін Батыр «А Студионы» ТМД кеңістігіне, тіпті әлемге танытты. Кез келген әні хитке айналып, тез жатталатыны сонша әуендері соңғы 30 жыл бойы үздіксіз шырқалды. Әлі де шырқала бермек.