ЖАЛАҒАШТА ФУТБОЛ ЖАРЫСЫ ӨТІП ЖАТЫР
Жалағашта 7 мамыр Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің 25 жылдығы және 9 мамыр – Ұлы Жеңістің 72 жылдығына орай «Біз нашақорлыққа қарсымыз» ұранымен аудандық футбол турнирінің ашылу салтанаты өтті.
Жастарға патриоттық тәрбие беру, спорттық шеберлік деңгейін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттауды мақсат тұтқан шараны аудан әкімінің орынбасары Ж.Тажмаханов ашты. Ол турнирге қатысушыларды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің 25 жылдығымен құттықтай отырып, сәттілік тіледі.
Екі күнге созылатын сайыста 12 команда, 200-ден астам қатысушы бақтарын сынауда.