ҚОРҒАНЫС БӨГЕТТЕРІ НЫҒАЙТЫЛУДА
Қызылорда қаласындағы саяжай учаскелері аумағындағы қорғаныс бөгеттерінің жағдайын қарап тексеру бойынша көшпелі брифинг өткізілді. Қорғаныс бөгеттерін шолу барысында брифингке қатысушылар саяжай алқабын су басуды болдырмау үшін жасалып жатқан жұмыстарға куә болды. Қазір мұнда саяжайлар мен стратегиялық нысандарды тасқыннан қорғау үшін КамАЗ-дар легі құм тасу үстінде.
Жалпы қорғаныс бөгеттерін биіктетіп, нығайту іс – шараларына облыс бойынша 1097 адам мен 224 техника жұмылдырылуда.
Сонымен қатар Қызылорда қаласы төтенше жағдайлар басқармасының жедел тобы Сырдария өзені жағасында және «Эдельвейс», «Орбита» саяжай серіктестіктерінде тұратын тұрғындарды құлақтандыру бойынша іс- шараларды жүргізді.