ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТ – ЗАМАН ТАЛАБЫ
Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысымен «Мәртебелі Қазақстан» қоғамдық қоры «Тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға байланысты ақпараттық-насихаттық шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы қызметін жүзеге асыру аясында жоспарға сәйкес шаралар ұйымдастырылуда.
2017 жылдың сәуір айында Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқытушылары мен студенттеріне «Заң – тәртіп таразысы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Шара барысында Қызылорда облыстық прокуратура, жоғарғы оқу орындарының заңгерлері, облыстық ішкі істер департаменті қызметкерлері, «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің мамандары кеңес беріп, хабарлама жасады. Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің Қызылорда қалалық пробация қызметі мекемесінде «Заңгер маман кеңес береді» тақырыбында кеңес беру, «Заңды зерделей білесіз бе?» тақырыбында ашық есік күні ұйымдастырылды.
Әлеуметтік жоба аясында облыс тұрғындарын құқықтық сауаттандыру мақсатында ұйымдастырылған шара барысында заңгер мамандар қоғамның әр саласында кездесетін мәселелер төңірегінде ой бөлісті. Облыс орталығындағы жастар көп жиналатын орындарға түнгі рейдтер жүргізілді. Жоба жоспарына сәйкес тұрғындардың құқтық сауаттылығын арттыру бағытындағы кездесулер, кеңес беру жұмыстары, ашық есік күндері, акциялар, түнгі рейдттер жүйелі жүргізілетін болады.