ТӘУЕЛСIЗДIК ЖЫЛДАРЫ ҚАЗАҚСТАНҒА 950 МЫҢ ОРАЛМАН КӨШIП КЕЛГЕН
Тәуелсiздiк жылдары Қазақстанға 950 мың оралман көшiп келген. Бұл туралы бүгiн ҚР Президентi жанындағы ОКҚ брифингiнде Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму вице-министрi Дәулет Арғандықов мәлiмдедi, деп хабарлайды BNews.kz.
«Этникалық көшi-қон мәселесiне келсек, тәуелсiздiк жылдарында елiмiзде репатриация саясатын жариялаған болатын. 950 мың қандасымыз немесе 258 мың отбасы көшiп келдi. Олардың 50%-ы 2004-2008 жылдар аралығында Отанымызға қоныс аударған», - дейдi Д.Арғандықов.
Оның айтуынша, елге қайтқан қандастарымыздың 61%-ы Өзбекстаннан, 12%-ы Қытайдан, 12%-ы Моңғолиядан көшiп келген.