ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН БІРНЕШЕ ОРТАЛЫҚ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы және «Қызылорда облысының жастар Одақтары» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Бабас» бизнес орталығында «Go working» орталығының ашылу салтанаты өтті.
Орталықтың басты қызметі жұмыссыз, дивиантты мінез құлықты, жалдамалы жұмыспен қамтылған жастарға тегін құқықтық кеңес беру. Сонымен қатар орталықтан арнайы білікті сала мамандарының қатысуымен оқыту курстарын ашу жоспарланып отыр.
Шара барысында «Қызылорда облысының жастар Одақтары» ҚБ төрағасы С.Әбіл орталық жұмысының мақсаттары мен міндеттерін таныстырды.
Оған арнайы қатысқан Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Е.Меңлібаев сөз алып, ашылған орталықтың жұмысына сәттілік тіледі.