4 МАМЫР КҮНІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ СОЛТҮСТІК БАТЫСЫ ЖАҢБЫРЛЫ БОЛАДЫ
Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болмайды. Тек батыс, солтүстік батыста және осы аймақтың кейбір жерлерінде жаңбыр жауады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Кей жерлерде жел күшейіп, оңтүстік және оңтүстік шығыста шаң көтеріледі. Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде желдің екпіні секундына 15-20, кей жерлерде 23 метрге жетеді.
Жамбыл, Қызылорда, облыстарының бірқатар аудандарында желдің күші секундына 15-20 метр болады. Жамбыл облысында шаң көтерілуі мүмкін. Оңтүстік Қазақстан, күндіз Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде желі секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
Астанада күн құбылмалы, жауын жаумайды. Батыстан, оңтүстік батыстан жылдамдығы секундына 9-14 метр болатын жел соғады. Ауа температурасы түнде +10+12°С, күндіз +23+25°С.
Алматыда да күн құбылмалы, жауын жаумайды. Желдің күші секундына 0-5 метр болады. Ауа температурасы түнде +5+7°С, түнде +21+23°С.