«ҚАЗПОЧТА» 3D-БАСПА БАҒЫТЫН ДАМЫТУДА
Бүгін «Қазпочтаның» Алматы қаласындағы орталығында 3D-зертханасы ашылды. Зертхананы таныстыру шарасына «Қазпочта» АҚ инновациялар және ақпараттық технологиялар жөніндегі директоры Нариман Мұқышев, деректерді басқару департаментінің директоры Бақтияр Мұхаметқалиев, Suleyman Demirel University оқу ісі жөніндегі бірінші проректоры Салтанат Әмірғалиева, компьютерлік ғылымдар кафедрасының меңгерушісі Мәдина Әлиманова, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаментінің директоры Мақсат Мұсабеков, корпоративтік даму менеджері Махмұт Томанов қатысты.
«3D-баспа - бұл, қазіргі кезде медицина, құрылыс, жобалау және т.б. салалардағы қарқынды дамып келе жатқан революциялық технология. Қазақстанда бұл технологияны дамытудың маңыздылығын түсіне отырып, біз бүгін 3D-баспа зертханасын «Қазпочтада» аштық. Біздің басты мақсатымыз - 3D-баспасы мүмкіндігін таныстырып, кез-келген шығармашылық идеяның іске асуына көмектесу. Біздің зертхана осы бағыттағы үлкен қадам болады деп ойлаймын», - деді Нариман Мұқышев
3D-зертханасында Suleyman Demirel University студенттерінің жаңа технологияларды сынауға мүмкіндігі бар.
Олар виртуалды 3D-моделдердің негізінде 3D-принтердің көмегімен көлемді заттарды басып шығара алады. Жәй қағаз парағын басып шығаратын дәстүрлі принтерге қарағанда, 3D-принтер үшөлшемді ақпаратты көрсетуге,белгілі бір физикалық объектілерді жасауға мүмкіндік береді.
3D-зертхананың негізгі бағыттары:
• Қазақ тілінде Брайль шрифтімен кітаптар шығару;
• Кәдесыйлар, брелоктар, ойыншықтар, оправалар және т.б.заттардыбасыпшығару;
• Клиенттердің 3D-модельдерін басып шығару.
Біздің зертхананың қызметтерін еліміздің әрбір азаматы қолдана алады. Ол үшін https://postmarket.kz/categories/2003/3d-pechat сайтына кіріп, қажетті модельдің үлгісін таңдап оны басып шығаруға тапсырыс жіберу қажет. Басып шығарылған моделді Қазпошта қызметкерлері өтінімде көрсетілген мекен-жай бойынша жібереді.
Сайта көрсетілген үлгілерден басқа 3D-моделдің нұсқасын немесе жай ғана суретті жіберуге болады. Олардың негізінде студенттер үшөлшемді моделін құрып тапсырысты орындайды. 3D-модельдердің құны клиенттер тапсырыс берген кезде есептелетін болады.