ШЫМКЕНТТЕ ШЕКТЕН ШЫҚҚАН ТАҒЫ БІР БАЙ ҰСТАЛДЫ
ОҚО Ішкі істер департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 1 миллион доллар ақша бопсалаған ірі бизнесменді ұстады, деп хабарлайды 365info.kz.
Сайрам ауданының тұрғыны, экс-депутат ауыл тұрғынынан 9 миллион теңге алып тұрған жерінен ұсталған. ОҚО ІІД-не шағымданған Сайрам ауданының тұрғыны ірі кәсіпкердің өзінен 1 миллион АҚШ долларын бопсалағанын жеткізген. Арызданушының өзі де кәсіпкер. Шұғыл шара барысында қолға түскен өңірдегі белді бизнесмен қамауда. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалды.
Тінту кезінде бопсалаушы экс-депутаттың үйінен қарудың 9 түрі табылған. Олардың жетеуінің ешқандай құжаты болмаған.
Қазіргі таңда оның үстінен бопсалау және қаруды заңсыз сақтау баптары бойынша қылмыстық істер қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.
Дереккөздің мәліметіне сәйкес, бопсалаушы ақшаны әріптесінің бизнесін алаңсыз жүргізуі үшін талап еткен.
Өзі Сайрамдағы қалталылардың бірі екен. Аудандағы ең ірі мейрамханалар соның иелігінде көрінеді.