АРАЛДА ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ШАҒЫН ФУТБОЛДАН АУДАНДЫҚ ТУРНИР ЖАЛАУЫН КӨТЕРДІ
Бүгін Орталық стадионда 7 мамыр – Отан қорғаушылар мерекесіне орай аудандық прокуратураның жүлдесі үшін ШАҒЫН ФУТБОЛДАН 5-6 сынып оқушылары арасында V мәрте өткізіліп отырған дәстүрлі аудандық турнир өз жалауын көтерді.
Аудан әкімі М.Оразбаев турнирдің ашылу салтанатында жарысқа қатысушы мектеп оқушыларынан құралған барлық командаларға ауыл спортынан бастап биік шыңдарға жетулеріне, бүгінгі жарыста жақсы ойын өрнегін көрсетіп, жеңіс тұғырынан көрінулеріне тілектестігін білдірді.
Сонымен қатар, Арал ауданының прокуроры Б.Тоқмырза спортты серік еткен жасөспірімдерге сәттілік пен жеңіс тіледі.
Бұқаралық спортты дамыту, мектеп оқушылары арасында өзара қарым-қатынасты нығайту және балалар арасындағы қылмыстың алдын алу мақсатында ұйымдастырылып отырған аталмыш турнирдің маңызы зор.
Айта кетейік, аудандық турнирге мектеп оқушыларынан құралған 12 команда қатысып, бақ сынауда.