ЕЛІМІЗДІҢ СОЛТҮСТІГІНДЕ ҚАР ЖАУЫП, ЖЕЛ КҮШЕЙЕДІ
Республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында атмосфералық ағымдардың өтуінен кей жерлерде қар жауып, көктайғақ болады, қатты жел соғады, еліміздің қалған аумағында күн ашық болады деп күтілуде. Бұл туралы BNews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды.
Ақмола және Павлодар облыстарында кей жерлерде боран соғып, 15-20 м/с жел соғады, екпіні 27-ге дейін күшейеді, кей жерлерде тіпті 30 м/с. Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде боран соғып, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 27 м/с-ке дейін күшейеді. Қарағанды облысында кей жерлерде тұман түсіп, күндіз 15-20 м/с жел соғады. Маңғыстау облысында кей жерлерде күндіз 15-20 м/с жел соғады. Шығыс Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады деп күтілуде. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында кей жерлерде тұман түседі. Бүгін Астана қаласында оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен қатты жел соғады, екпіні 25 м/с-ке жетеді, күндіз аздап боран соғуы мүмкін. 29 қазан күні Қостанай, Солтүстік Қазақстан, 29 және 30 қазан күндері Ақмола, Павлодар, 30 қазанда түнде Қарағанды облыстарында күн райы өзгереді: көктайғақ болып, боран соғады, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні 27 м/с-ке жетеді. Ақмола және Павлодар облыстарында кей жерлерде 30 м/с болады.