БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІНДЕ МУЗЫКАЛЫҚ ОРКЕСТРЛЕР МЕН АНСАМБЛЬДЕРДІҢ ШЕРУІ ӨТКІЗІЛЕДІ
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жергілікті атқарушы органдар, мүдделі ведомстволар, ұйымдар қолдауымен Халықаралық балаларды қорғау күні балалар мен жастардың музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерінің шеруін өткізуді жоспарлап отыр.
Шерудің мақсаты – бұл «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеяны іске асыру жағдайында эстетикалық және патриоттық тәрбие факторы ретінде балалар мен студенттердің салтанатты, көше-фестивальды шеруді қолдау және дамыту.
Бұл шара алғаш рет өткізіліп отырғандықтан, республиканың мәдени өмірінде бірегей оқиға болады.
Бұл күні бір уақытта әр облыстық орталықтың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың орталық көшелерінде барабаншылар отряды, үрлемелі оркестрлер мен ансамбльдер, мажореткалар, черлидерлер, хор және би ұжымдары жүріп өтеді.
Шеруді дайындауға оқушылар, студенттер, мектеп мұғалімдері, колледждер мен ЖОО-ның оқытушылары, ата-аналар мен мәдениет және спорт өкілдері белсенді қосылды.