ҚЫЗЫЛОРДАДА 56 СИЫР ҰРЛАҒАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОП ҰСТАЛДЫ
Осы жылдың 5 қаңтарында Жаңақорған аудандық ішкі істер бөліміне Қожакент ауылының 53 жастағы тұрғыны арызданып, өрістен 3 бас сиыры ұрланғандығын хабарлаған болатын.
Аталған арыз негізінде жедел-іздестіру тобы құрылып, іздестіру шаралары нәтижесінде сәуір айында қылмыстық топ мүшелері ұсталып, аудандық ішкі істер бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.
Сотқа дейінгі тергеу барысында ұсталғандардың осы өңірде болған14 мал ұрлығы қылмысына қатысты екендігі, барлығы 56 бас сиырды қолды қылғаны анықталды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 4-бөлігі негізінде қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі