ҚАЗАҚСТАНДА ЭКСПО-2017 АЯСЫНДА КИНОНАРЫҚ ӨТКІЗІЛЕДІ
ЭКСПО-2017-нің маңызды шараларының біріне айналатын «Еуразия» халықаралық кинофестивалі аясында, алғаш рет «Еуразия фильм маркет» кинонарығы ұйымдастырылады. Бұл туралы ҚР Үкіметі отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясында ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлімдеді, деп жазады primeminister.kz.
Кинонарық - бұл ұсынылатын, сатып алу және сату заты кино өнімі болып табылатын іскерлік көрме-жәрмеңке.
Егер фестиваль кино көрсетіліміне баруды қарастыратын болса, кинонарықта нағыз кино саудасы - яғни, фестивальде көрсетілген фильмдерді сатып алу, сату үдерісі орын алады. Кинокомпаниялар - құқық иелері жаңа фильмдер мен әлі аяқталмаған кино өнімдерінің үзінділерін ұсынады. Бұдан өзге, кинонарық кәсіби өздігінен білім алу алаңына айналады: продюсерлер мен режиссерлерге конференциялар, «дөңгелек үстелдер», тақырыптық пікірталастар, шеберлік сыныптары өткізіледі.
«Әлемнің барлық ауқымды кинофестивальдарында дәл осы кинонарық кәсіби мамандардың үлкен қызығушылығын тудырады», – деді А. Мұхамедиұлы.
primeminister.kz