ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ КӘСІПКЕРДІҢ ЖОБАСЫ ҮЗДІК ДЕП ТАНЫЛДЫ
Кәсіпкер Серікбай Нұрғалиев «NIF50K» иннновациялық бизнес-жоспарлар республикалық конкурсының жартылай финалына жетті.
Аталған конкурс ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мен Технологиялық Даму жөніндегі Ұлттық агенттігі бірлесе ұйымдастырған. Конкурсқа өтініш қабылдау басталғанда Серікбай Қызылорда облысындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының кеңесшісі арқылы өз өтінішін қалдырған. Қызылорда облысынан конкурсқа қатысуға 30 инноватор өтініш білдірген. Инновациялық бизнес жоспарлар конкурсына келіп түскен жүздеген жобалар арасынан байқау комиссиясы Серікбай Нұрғалиевтің «Өздігінен айналмалы энергия өңдегіш қозғалтқыш» атты жобасының ерекшелігін атап өтті.
Серікбайдың сөзінше, оның жобасы еліміздің экологиялық жағдайын жақсартып бірқалыптандыруға үлкен септігін тигізеді екен. Кәсіпкер ойлап тапқан құрылғысын патенттеп үлгерген, әрі жобасы машина жасау саласына жатады. Сонымен қатар көлемді ауа қысымын реттегіш аспап болып табылатын қозғалтқыш күш беретін механизмдерге қолдануға жарайды. Себебі аталған құрылғы пневматикалық энергияны механикалық энергияға алмастыра алады. Серікбай Нұрғалиев әуесқой автомобильшілердің көп қиындығын шешуге арналған өздігінен жұмыс жасайтын құрылғыны іске қосуды жоспарлауда. Инноватордың айтуынша, ойлап тапқан теңдессіз қозғалтқыш жанар-жағармайсыз және аккумуляторсыз жұмыс жасай береді.
Қызылордалық инноватор-автомеханик Серік бай Нұрғалиевтің жобасының аса маңыздылығын және бірегейлігін атап өткен ұйымдастырушылар оны арнайы дипломмен марапаттады.
Фариза ОМАРОВА