СТУДЕНТТЕР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІНДЕ БАС ҚОСТЫ
Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің 80 жылдығына орай «Мәңгілік Ел жастары – ұлы мұрат жолында» тақырыбындағы республикалық пікірсайыс турнирін ұйымдастырды.
Турнирге облыстан және еліміздің өзге де аймақтарынан пікірсайышылар жиналып, шара барысында Елбасының Жолдауын насихаттау бойынша жұмыстарын жүргізіп, тың идеяларға толы озық ойларымен бөлісті.
Атап айтқанда, Қарағанды мен Көкшетаудың, Қостанай мен Павлодардың, Алматы мен Астананың, Семей мен Өскеменнің, Орал мен Ақтөбенің, Тараз бен Шымкенттің, қасиетті Түркістан мен Сыр елі – Қызылорданың беделді пікірсайысшылары бақ сынасып, республикалық деңгейде кросс-платформалық кеңістік қалыптастыруға үлес қосты.