КИНОЗАЛДАР ТАБЫСЫ – 182 МЛН. ТЕҢГЕ
Өткен жылы жылы Қызылорда облысында 209 кітапхана жұмыс істеген. Олардың қоры 4,5 млн. данаға жетті, электронды каталогтарының көлемі 1,1 млн. бірлікті құрады. Бұл туралы облыстық статистика департаменті дерегінде хабарланады.
Кітапхана қызметін пайдаланушылар саны – 246,1, соның ішінде интернет-ресурсын пайдаланушылар – 14,4 мың адам адамға жетті.
Қызылорда облысында 2016 жылы 173 мәдени-демалыс ұйымы жұмыс істеді. Клуб типтес мекемелер 1397,2 мың адамның қатысуымен 7,9 мың мәдени-көпшілік шара өткізді. Көрермендер залдарындағы орындар саны 28,6 мың бірлікті құрады.
Есепті жылдың ішінде мұражайда 9470 экскурсия өткізіліп келушілер саны 118,9 мың адамды құраған, оның ішінде балалар – 67,7 мың. адам
Облыс бойынша 4 ойын-сауық және демалыс саябақтар жұмыс аткарды.
Былтыр 2 кинотеатрда 7,2 мың киносеанс өткізілді, оған 235,5 мың адам қатысты. Кино көрсетуді жүзеге асыратын ұйымдардың табысы 182,7 млн. теңгені құрады
Облыста 1 театр жұмыс істейдіі және есепті жыл ішінде 223 спектакль қойылып, жаңа қойылым саны 6 бірлікті құрады. Көрермендер саны 81840 адам, оның ішінде балалар санын 18600 адамды құрады.