ЖАСТАР ЖҰМЫССЫЗДЫҒЫ ЖАЙ МӘСЕЛЕ ЕМЕС
Қазақстан Коммунистік Халық партиясының облыстық филиалы дөңгелек үстел өткізіп, онда жастарды жұмыспен қамту мәселесі сөз болды.
Жиынға «Нұр Отан», «Ауыл», «Ақжол» партиялары филиалдары мен Қызылорда облыстық Азаматтық Альянсы қауымдастығының өкілдері қатысты. Үкіметтік емес ұйымдар мен жастар ресурстық орталығы өкілдері де ортақ мәселеге үн қосты.
Дөңгелек үстелде жастар арасындағы жұмыссыздықтың сан түрлі себебі айтылды. Мысалы, жас мамандардың көпшілігі жеткілікті тәжірибесі болмаса да жалақысы аз жұмысқа барғысы келмейді.
Сонымен қатар, жастарды жұмыспен қамту бағытындағы мемлекеттік бағдарламалар барысы жайлы да сөз болды. Көп ретте жастар осы бағдарламалардың мүмкіндігінен хабарсыз болып жатады. Дөңгелек үстелге қатысушылар жастар арасында осы бағытта түсіндіру жұмыстарын жүргізу керектігін баса айтты. Бұл шарада әсіресе, мектеп, түрлі ЖОО-лар мен колледж түлектері толық қамтылуы қажет.
- Жасатар жұмыссыздығы еңбекпен қамту мәселесіндегі басты проблеманың бірі. Біз үшін осындай жиындар арқылы жастарға осы бағытта жәрдемдесудің жолын табу аса маңызды, - деді ҚКХП облыстық филиалы жетекшісі Талғат Телеубаев.