БАРШАҢЫЗДЫҢ НАЗАРЫҢЫЗҒА!
Дария арнасында су көлемінің көбеюіне байланысты Төтенше жағдайлар департаментінің дағдарыс орталығында құзырлы мекемелердің жауапты қызметкерлерінен облыстық жедел штаб жасақталды. Байланыс телефондары 30-71-54, 30-14-21, 55-10-99.
Сондай-ақ, қауіп туа қалған жағдайда тұрғындарға психологиялық көмек көрсету үшін департаментте тәулік бойы «Қауырт желі» (Горячая линия - 24-41-61) телефоны жұмыс жасайды. Онда департаменттің психологтары тәулік бойы жұмыс жасап, хабарласқан абонентке кезекші психолог телефон арқылы кеңес береді.