ПОЛИЦЕЙЛЕР ТАЯҚШАНЫ ҚАЙТА ҚОЛҒА АЛУЫ МҮМКІН
Сенатор Серік Ақылбай ІІМ басшысынан халықтың шағымдануына байланысты полицейлерге арнайы таяқшаны қайтаруды сұрады, - деп хабарлайды БАҚ өкілдері.
"Қазіргі уақытта осы арнайы таяқшалардың біраз бөлігі жойылды. Одан қандай пайда? Мен өзім жүргізушімін, бірақ мен кейде полицейлердің не көрсетіп тұрғанын түсінбеймін. Мүмкін оларға арнайы таяқшаларын қайтарамыз? Олар таяқшаларға үйреніп қалған, әсіресе, түнгі уақытта таяқшаны көрсете салады және ол бізге бірден көрінеді. Интернетте арнайы таяқшалардың жоқтығына шағымданып жатыр. Үйрене алмай жатыр, мен де үйрене алмай қойдым", - деді Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Серік Ақылбай.
Министр Қалмұханбет Қасымов болса елдің еуропалық тәжірибені ескере отырып, осы таяқшалардан бас тартқанын айтты.
"Біз бұл мәселені қарастыратын боламыз. Үкіметтің халықаралық тәжірибені енгізу туралы хаттамасы қабылданған болатын. Мен арнайы таяқшалардан бас тарту туралы бұйрыққа былтыр қол қойдым. (...) Ал біздің халықтың бұған үйрене алмай жатқаны басқа мәселе. Менің ойымша, бұл жай әдет, әдет кейіннен қалады. Адамдар полицейлердің жаңа жарық шағылыстырушы формасына да үйренеді", - деді министр сенатордың сауалына.