МАҚСАТ ИСАҒАБЫЛОВ «СЫР БАРЫСЫ» АТАНДЫ
Қызылорда қаласы «Евразия» спорт кешенінде 30 сәуір күні қазақ күресінен облыстық «Алтын белбеу» сайысының ақтық кезеңі мәресіне жетті. Биыл сегізінші мәрте ұйымдастырылған айтулы бәсеке жанкүйерлер қауымының қызыға тамашалаған шарасына айналды.
«Алтын белбеу» жарысы айдан астам уақытқа созылды. Боз кілемдегі балуандар үш кезең бойынша төрт жас деңгейінде сынға түсті.
1-кезеңі әр ауылдық аймақтарда наурыз айында өткізіліп, оған 5401 спортшы қатысты. 2-кезеңі аудандық, қалалық жарыстар сәуірде ұйымдастырылып, оған 1521 спортшы бақ сынасса, 3-кезеңі облыстық ақтық сайысқа 270 балуан төл өнерімізді дамытуға атсалысты. 3 кезең бойынша барлығына 7192 спортшы сынға түсті.
Түйе палуан сайысына 14 спортшы қатысты. Олардың арасында қызылордалық Мақсат Исағабылов «Сыр Барысы» атанды. Оған «Алтын белбеу» белдігі мен 1 млн 300 мың теңгенің сертификаты табысталды.
«Сыр Арланы» титулын иеленген аралдық Нұрым Сәлімгереев 700 мың теңгенің сертификаты берілсе, «Сыр Сұңқары» - қармақшылық Марат Баймахановқа 400 мың теңгенің сертификаты табысталды.
2 шілде күні Астана қаласында ҚР Президенті жүлдесі үшін өтетін «Қазақстан Барысы» республикалық турниріне Қызылорда облысынан М.Исағабылов пен Н.Сәлімгереев облыс намысын қорғайтын болады.
Жарыс жеңімпаздары:
2002-2003 ж.т. кіші жасөспірімдер:
38 келі: Нақберген Тоқбаев (Шиелі)
42 келі: Темірлан Қуантаев (Қызылорда)
46 келі: Алмат Темірбаев (Қызылорда)
50 келі: Ескелді Қахарман (Қызылорда)
55 келі: Шакизат Сәбитов (Қармақшы)
60 келі: Рахат Шаймерденов (Қызылорда)
66 келі: Диас Мажитов (Қызылорда)
73 келі: Дамир Мұңайтпасов (Байқоңыр)
+73 келі: Әділет Мырзалиев (Қармақшы)
2000-2001 ж.т. жасөспірімдер:
46 келі: Мадияр Кетебаев (Қармақшы)
51 келі: Ермахан Қамар (Жаңақорған)
57 келі: Олжас Оразалыұлы (Жаңақорған)
64 келі: Елдос Мырзағұлов (Шиелі)
72 келі: Абылайхан Жұбаназар (Қазалы)
81 келі: Айберген Алдаберген (Жаңақорған)
+81 келі: Сырбай Шынболатов (Арал)
1998-99 ж.т. жастар:
55 келі: Бекжан Төлепов (Шиелі)
60 келі: Арман Жалғасбекұлы (Қызылорда)
66 келі: Ринат Елеуліұлы (Арал)
74 келі: Дәулет Хабибуллаев (Сырдария)
82 келі: Рамазан Бисенбай (Қызылорда)
90 келі: Жұмағали Аманов (Сырдария)
100 келі: Шынтас Қайырбек (Қызылорда)
+100 келі: Ертөре Ағыбай (Шиелі)
Ересектер арасында:
55 келі: Бауыржан Райсов (Қармақшы)
60 келі: Дархан Сержанов (Байқоңыр)
66 келі: Рахманберді Әбдірашит (Қызылорда)
74 келі: Ғалымжан Абдрахманов (Қармақшы)
82 келі: Ержан Абдуллаев (Қызылорда)
90 келі: Нұрым Сәлімгереев (Арал)
100 келі: Мақсат Исағабылов (Қызылорда)
+100 келі: Марат Баймаханов (Қармақшы)