ҚЫЗЫЛОРДАДА ҚХА МҮШЕЛЕРІ «ДОСТЫҚ КЕРУЕНІН» ҰЙЫМДАСТЫРДЫ
Қызылорда облысында ҚХА мүшелері «Достық керуенін» ұйымдастырды, деп хабарлайды BNews.kz. Қызылорда облысында «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мегажобасы аясында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының қолдауымен ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестіктер «Достық керуенін» ұйымдастырып, барлық аудан орталықтары мен өнеркәсіптік кәсіпорындарды аралап шықты.
Қызылордалықтар арасында Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы түсірілген деректі фильм үлкен сұранысқа ие. Сондай-ақ әр халықтың ән-күйлері, ұлттық билері осы кездесулердің көрігін қыздырды. Бұған қоса, этномәдени орталықтардың өкілдері Қызылорда тұрғындарымен ұлтаралық бірлік пен толеранттылықтың қазақстандық үлгісі жайында пікірлерімен бөлісіп, еліміздегі этностардың мәдениеті, салт-дәстүрлері туралы әңгімеледі.