СЫР ЕЛІНДЕГІ БІРЛІК МЕРЕКЕСІ
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесін талай ұлтқа сая болған Сыр елі жұртшылығы ерекше атап өтті.
Бұл күн берекенің арқасында талай белестен өткен қазақстандықтар үшін жарқын болашаққа деген сенімнің бастауына, асыға күтер шаттық мейрамына айналды. Тамыры терең достығымыз дәріптелетін осы мерекеде қаланың орталық алаңында көпшілік серуені ұйымдастырылды. Театр алдындағы сахнада ән шырқалып, арқан тарту, асық секілді ұлттық ойындардан жарыстар өтті. Осы күн алаң іргесіндегі балалар алаңы әткеншек тепкен бүлдіршіндерге толы болды. Ұлдар мен қыздар арасында баскетболдан жарыс ұйымдастырылды.