ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ СІЗДЕРДІ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІГІ МЕРЕКЕСІМЕН ШЫН ЖҮРЕКТЕН ҚҰТТЫҚТАЙДЫ!
Құрметті отандастар!
Қазақстан халқы Ассамблеясы Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтайды!
Достық пен өзара түсіністіктің нышанына айналған бұл мереке Қазақстан қоғамындағы біріктіруші факторлардың біріне айналды. Ол – әркімге де қымбат және миллиондаған азаматтардың жүрегіне жылы сезім ұялататын мереке.
Қазақстан – мәдениеттерінің, тілдері мен дәстүрлерінің әралуандығы басты байлығына айналған, ал азаматтары жасампаздық пен даму идеясы айналасында біріккен ел.
Биылғы жылы Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен ел дамуының жаңа парағын ашатын жан-жақты жаңғыру бойынша ауқымды міндеттерді іске асыру басталды.
Олардың сәтті іске асырылуы қуатты да бәсекеге қабілетті мемлекет құрудың басты шарты – қазақстандықтардың бірлігі мен жұмылғандығын сақтауға тікелей байланысты
Қымбатты достар!
Бізде халық бірлігі күні шын мәнінде де қазақстандық патриотизмнің, өз еліне деген сүйіспеншілік пен адал берілгендіктің мерекесіне айналды.
Осы жарқын мереке күні Қазақстан халқы Ассамблеясы барша қазақстандықтарға мықты денсаулық, бақыт пен береке тілейді! Ол сіздердің үйлеріңізге көптеген қуаныш пен шаттық, ал Отанымызға татулық пен өркендеу әкелсін!
Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі