ЕСІРТКІГЕ БАЙЛАНҒАН ТОЗАДЫ, САЛАУАТТЫЛЫҚТЫ САЛТ ЕТКЕН ОЗАДЫ

Іс-шараға облыстық ішкі істер департаментінің бөлім басшысы Г. Омарова, «Жомарт» қайырымдылық үйінің директоры Майя Наримова, №112 мектептің әлеуметтік педагогы Гүлжазира Тәшенова, "Жастар ресурстық орталығы" КММ бөлім басшысы Ж.Тасабаев қатысты. «Сыр медиа» ЖШС құрамындағы БАҚ өкілдері шараға ақпараттық қолдау көрсетті.
Есірткінің зияны, қоғамға тигізетін зардабы бүгінгі күннің ең өзекті мәселесі болып отыр. Оқушылар мектеп қабырғасынан-ақ жат әдеттің жағымсыз салдары жайлы білу тиіс. Біз үшін қазір есіркіге елітпейтін, жақсы іске еліктейтін жастар тәрбиелеу аса маңызды.
Семинарда мамандар есірткіге байланғандардың тозатынын, салауаттылықты салт еткендердің озатынын айтты. Полиция подполковнигі Гаухар Омарова бұл жат әдеттің адам ағзасын ғана бұзып қоймай, ойлау жүйесіне де кері әсері барын жеткізді. Үлкен экраннан осындай жолға түскендердің тағдыры жайлы бейнефильм көрсетілді. Есіркі саудасының жолын кесу жайлы айтылды.
- Өскелең ұрпақ есірткі жайлы барлық шындықты білуі тиіс. Оларды жат әдеттен аулақ қылу біздің басты міндетіміз, – дейді «Жомарт» қайырымдылық үйінің жетекшісі Майя Наримова.


