ҚЫРЫМБЕК КӨШЕРБАЕВ: «ЭТНОСАРАЛЫҚ ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚ ПЕН ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМНІҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҮЛГІСІ ТАНЫМАЛ БРЕНДКЕ АЙНАЛДЫ»
28 сәуір күні Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Достық үйінде «Тәуелсіз Қазақстан этносаясатының қалыптасуы» тақырыбында дәріс оқып, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласына баса назар аудартты. Облыс әкімі тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасу тарихында Президент Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
- Қазақстан халқы Ассамблеясы бүгінде бірегей институт ретінде қалыптасып үлгерді және оның идеологиялық, ғылыми, білім беру мен тәрбиелік функциялары жүйелі түрде дамып келеді. Этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің Қазақстандық моделі танымал брендке және мәдениетаралық диалогтың бірегей алаңына айналды,- деді Қырымбек Көшербаев.
Естеріңізге сала кетейік, бұл үлгі БҰҰ-да, ЕҚЫҰ-на қатысушы-мүше елдерде, ірі халықаралық форумдар өткізілген мемлекеттерде кеңінен таныстырылды, ал Н.Ә.Назарбаевтың этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімге құрылған қазақстандық үлгісінің тұжырымдамасы әлемнің 50 тіліне аударылған.
- «Біздің «осал тұсымыз» деп аталған көпэтностылығымыз бен көпконфессиялығымызды өз артықшылығымызға айналдыра алдық», - деп Елбасы атап көрсеткендей, қазіргі таңда бірлігі берекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырысы мен табысы мол болатынын жаһандану дәуірі көрсетіп отыр,-деді Қырымбек Көшербаев.