ҚЫРЫМБЕК КӨШЕРБАЕВ: «ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ БІРТІНДЕП КӨШУ – УАҚЫТ ТАЛАБЫ»

- Қазіргі заманғы ғылым-білім, технологияның дамуына байланысты латын әліпбиіне біртіндеп көшу – уақыт талабы,- деді облыс әкімі.
Қ.Көшербаев облыста Елбасының бағдарламалық мақаласын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары жасалып, қазақ әліпбиінің жаңа графикасын жасауға ұсыныс беру мақсатында жұмысшы топ құрылғанын атап өтті.
Сонымен қатар Елбасы мақаласында әлемнің 100 үздік кітабын қазақ тіліне аудару, «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» жобасы аясында танымал қазақстандықтардың өмірбаяндарын жинақтау сияқты ел үшін маңызды жобалар туралы айтылғаны тілге тиек етілді.
- Қызылорда облысында ел дамуына еселі еңбек сіңірген көптеген азаматтар бар. Біз осындай замандастарымызды құрметтеуіміз қажет,- деді облыс әкімі.